Жарияланды: 1500

Атырау балық зауытында Орал өзеніне қортпа балығының 3,5 млн шабағы жіберілді

Атырау бекіре балық зауытында Орал өзеніне қортпа балығының 3,5 млн шабағы жіберілді, деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.

«Бұл шабақтардың бірінші жіберілуі. Зауыт биылғы жылы бекіре тұқымдас балықтардың 7 млн шабағын жіберу бойынша мемлекеттік тапсырысты толық көлемде орындап шықты», - деп мәлім етті зауыт директоры Рашидин Қалидуллин. Оның айтуынша, шабақтар зауыттың тоғандарына жасанды жағдайларға жіберілді. Олардың әрқайсысының жасы 45 тәулік, ал салмағы 12-15 грамм. ҚР АШМ балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Жұмажановтың хабарлауынша, 2012 жылы Атырау облысында жаңа бекіре балық зауытының құрылысы басталады. «Зауыттың қуаты - жылына 30 шабақ. Қазір жобалық құжаттарды әзірлеу мен құрылыс бюджетін нақтылау жүріп жатыр», - дедіБ.Жұмажанов. Сонымен қатар, Атырау облысындағы екі балық зауыты жөндеуден өткізіледі. Бұдан басқа, болашақта Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында бекіре балық зауытының құрылысы жоспарланған. Қазір Қазақстанда екі бекіре зауыты бар, екеуі де Атырауда орналасқан. Көрші Астрахан облысында ондай сегіз зауыт бар. «Онда суға жіберілетін шабақтардың саны жылына 40 млн құрайды. Соңғы жылдары астрахандық балықшылар жаңа технологияны қолданып, шабақтарды бірден теңізге жібереді. Теңізге жіберер алдында олардың салмағын 10-200 грамға жеткізеді. Бұл олардың тірі қалу пайызын арттырады», - деп мәлім етті Каспий балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Михаил Емелин. Шабақтардың келесі кезегін алдағы айда жіберу жоспарланған. Теңізге тағы 3,5 млн шабақ жіберу көзделіп отыр. Бұл – сүйрік, бекіре және шоқыр балықтарының шабақтары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін