Жарияланды: 650

Атырау: бас полицей тұрғындардың сауалдарына жауап берді

Атырау облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Рахмаджан Досанов "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы ғимаратында азаматтармен жеке қабылдау өткізді.

Бұл туралы Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінен Гүлнәзира Мұхтарова хабарлады. Облыс бас полицейінің қабылдауына Махамбет ауданынан келген азамат Балықшы поселкесінің тұрғынына қатысты шағымданды. Осы поселкеде тұратын келіншек оның екі ұлын «сендерді жұмысқа орналастырамын» деп, ұлдарынан аса ірі көлемде ақшаларын алған. Бірнеше ай күтіп, уәделі жұмыс та жоқ, ақшаны иемденіп кеткен азаматшаға қатысты ІІБ-іне арызданған. Ұзамай, ақшаның үштен бірін қайтарған, қалғанын кейін қайтарып беремін деп айтқан. Тергеушіге барып, мән-жайды сұрағанда, прокуратурамен келісіп, қылмыстық іс қозғаудан бас тартылғанын айтқан. Қабылдауға келгендегі мақсаты осыған келіспейтінін, алаяқ келіншекте кеткен ақшасын қайтарып алуға көмек сұраған азаматқа ІІД бастығы қозғаудан бас тартылған іске байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, бұл істі өзінің бақылауына алатынын айтты. - Жөндеу базасы селосында тұратын азаматша күйеу баласының қалалық ІІБ-інде қызмет жасайтынын, пәтерлері жоқ болғандықтан алды жеті жаста, кішісі 5 айлық үш сәбиімен қолында тұрып жатқанын айта келіп, қабылдауға келген мақсаты қызы мен күйеу баласына пәтермен көмектесуін сұрады. Рахмаджан Құзыбайұлы бұл азаматшаға бірнеше жылдан пәтер мәселесімен кезекте тұрғандардың аз емес, ІІД тұрғын үй мәселесін арнайы комиссияда қаралып, қызметкерлерге бөлінетінін түсіндіріп, егер ІІД пәтерлер бөлініп жатса мүмкіндігінше көмектесетінін айтты. - Авангардтағы 4-шағын ауданда тұратын азаматша тұрғындар атынан учаскелік полиция инспекторы Серік Шығанақовтың жұмысына ризалығын білдіре келіпті. «Үйдің ауласында түрлі жағдайлар болып жатады, сондайда Серік баламыз шақырған бойда келеді, аула-үйлерді жиі аралап, бізбен қарым-қатынасы жақсы. Тек бір айтайын дегенім, қызметтік көліктері ескі, учаскелік инспекторымыз жаңа, жүрдек көлікпен жүрсе қызметіне көп көмек болар еді десе, Сәтбаев көшесінің тұрғыны полицейлерге шағымдана келіпті. -«Алдымен қоғамдық орында шылым шегіп тұрсыз деп, ескерту жасады, тағы бірде сыра іштіңіз деп жауапкершілікке тартты, ал жақында түнгі 23 сағат шамасында көшеде жүрген 17 жасар ұлымды ұстап алып, қалалық ІІБ апарып, тексеріпті. Бұл азаматқа Рахмаджан Досанов полиция қызметкерлерінің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-1 бабы бойынша әрекет жасағандарын, ал кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі 22 сағаттан кейін көшеде, түнгі клубтарда, басқа да орындарда ата-анасыз немесе ересектерсіз жүруіне тыйым салынғанын түсіндірді. Тәртіп сақшыларының өзіне де, ұлына қатысты да қойылған талаптарының заңдылығына түсінген азамат алғысын білдірді. Вокзал маңы ауданының тұрғыны - «көп қабатты үйлердің ауласында көлік жууға полицейлер неге тыйым салады. Әкемнің көлігін жуып жатқан кезде полицейлер келіп, ескерту жасады. Осы әрекеттері дұрыс па», - деген сауалға да ІІД бастығы қоршаған ортаны ластауға болмайды, соның ішінде көп қабатты үйлердің аулаларының алдында қоқыс төгіп немесе көлік жууға болмайтынын түсіндірді. Департамент бастығының жеке қабылдауына келген азаматтардың барлығы да өздерін мазалаған сауалдарына нақты жауаптарын алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть