Атырау бекіре балық зауыты ақбалықтың 1 млн. 700 мың шабағын Орал өзеніне жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау бекіре балық зауыты ақбалықтың 1 млн. 700 мың шабағын Орал өзеніне жіберді

Атырау бекіре балық зауыты ақбалықтың 1 млн. 700 мың шабағын Орал өзеніне жіберді

Атырау бекіре балық зауыты ақбалықтың 1 млн. 700 мың шабағын Орал өзеніне жіберді. Жуырда шабақтардың екінші тобы өзенге жіберіледі. Бұл туралы Атырау бекіре балық зауытының директоры Сағиден Ербөлеков KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 30 Маусым 2003
  • 1943
Фото - Caravan.kz

Ақбалық шабақтарының орташа салмағы 6,3 грамм, ұзындығы 10,1 см-ді құрайды. С.Ербөлековтың айтуынша, «зауыттың өзенге жіберген бірнеше апталық ақбалық шабақтары табиғи ахуалда өсіп-өнген шабақтардан бірнеше есе үлкен болып келеді. Артық салмақ олардың аз шығынмен өсіп-өнуіне жағдай жасайды». Алайда, зауыт директорының айтуынша, шабақтардың қаншасы тірі қалғанын қазір ешкім білмейді. Сол себепті, балық өсіру зауытының мамандары бекіре тұқымдастарды есепке алу мақсатымен ендігі жерде өзенге жібермес бұрын шабақтарға белгі салмақшы.

6-шілдеде Американдық «Sea Web» үкіметтік емес ұйымының өкілдері электрондық спутниктер орнату мақсатымен Атырауға келеді. Алғашқы сатыда бекіре тұқымдас 400 шабаққа белгі салу көзделіп отыр.
Атыраудағы екі балық зауыты жыл сайын Орал өзеніне 6 млн.-нан астам шабақ жібереді. Алайда, отандық ғалымдардың пікірінше, Орал-Каспий бассейніндегі бекіре тұқымдас балықтарды сақтап қалу үшін жыл сайын 50 млн. шабақ жіберу керек.

Соңғы жаңалықтар