"Атырау" футбол клубы Черногория аяқдопшыларымен жолдастық кездесуін 1:3 есебімен аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Атырау" футбол клубы Черногория аяқдопшыларымен жолдастық кездесуін 1:3 есебімен аяқтады

"Атырау" футбол клубы Черногория аяқдопшыларымен жолдастық кездесуін 1:3 есебімен аяқтады

Түркияда 6 ақпаннан бері соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Атырау» футбол клубы кеше кезекті жолдастық кездесуін өткізді.

  • 16 Ақпан 2012
  • 408
Фото - Caravan.kz


Черногорияның Жоғарғы лигасында өнер көрсететін Широки Бриегтің «Широки Бриег» командасымен болған бұл ойын 1:3 есебімен аяқталды. Атыраулықтар бұған дейін 12 ақпанда Румынияның Жоғарғы дивизионындағы «Тыргу-Муреш» командасымен болған кездесу 0:0 боп аяқталған болатын. Ал 11 ақпанда Черногорияның «Будничность» командасымен 2:2 есебімен тең түскен еді. Енді 18-19 ақпан күндері Сербияның Крушевац қаласының («Непредак») және Белградтың («Рад») аяқдопшыларымен күш сынаспақ. Ал 21 ақпанда ақтық кездесуін Белорустың «Белшинасымен» өткізіп, келесі күні елге қайтуды жоспарлап отыр.