Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Светлана Жұмашеваның хабарлауынша, зауыт сарқынды суды сыртқа төгуге жол берген. Кәсіпорынның лас суы төңіректегі 150 мың шаршыметрдей көгалға жайылған.
«Атырау облысының табиғатты қорғау прокуратурасы, Жайық-Каспий экология департаменті зауытқа 8,65 миллион теңгенің айыппұлын салды. Оған қоса, қоршаған ортаға келтірілген зиянның өтемі ретінде тағы 1,3 миллион теңге сомаға талап қойылып отыр», деп хабарлады С.Жұмашева.