Атырау мұнай өңдеу зауыты 2004-жылы мұнай өңдеу көлемін 25,5 процентке арттырды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау мұнай өңдеу зауыты 2004-жылы мұнай өңдеу көлемін 25,5 процентке арттырды

Атырау мұнай өңдеу зауыты 2004-жылы мұнай өңдеу көлемін 25,5 процентке арттырды

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС 2004-жылы 2,9 млн. тонна мұнай өңдеп, бұл көлемді 2003-жылғымен салыстырғанда 25,5 процентке арттырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қаңтар 2005
  • 500
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлауынша, 2004-жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ресурсынан зауытқа 2,1 млн. тонна мұнай жөнелтілді. Кәсіпорын бұған қоса 136 мың тонна шикі мұнай сатып алды.

2004-жылы Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңалау және жаңа нысандар салу бағдарламасы аясында 20,7 млрд. теңге игерілді. Соның ішінде Жапония жағы жүзеге асырып жатқан жобалар бойынша 116,4 млн. доллар, зауыт шаруашылығына қарайтын нысандар бойынша 5,5 млрд. теңге игерілген. Бүгінде зауыт нысандарын жаңалау жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ЖШС баспасөз қызметі.
2004-жылы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бюджет қоржынына 4,6 млрд. теңгенің салықтары мен түсімдерін қосты. Ал жоспар — 4,2 млрд. теңге болатын. 2003-жылмен салыстырғанда салық мөлшері 1 млрд. теңгеге артты. Бұл кәсіпорынның пайдасы арта түсуіне тікелей байланысты, дейді компаниядағылар.
2005-жылы Атырау мұнай өңдеу зауыты 2,6 млн. тонна мұнай өңдейді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның қорынан 1,7 млн. тонна мұнай жіберіледі деп күтілуде. Сонымен бірге зауыттың коммерциялық қызметтерінің алдына сатып алынатын мұнай көлемін арттыру талабы қойылып отыр.

Перейти к новостям спорта