Атырау мұнай өңдеу зауыты бұл қадамды зауыттың қожайыны болып табылатын
«ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның оңтайландыру саясатына орай шығарған бұйрығымен байланыстырып түсіндіреді. Зауытпен тамырлас компанияға бұл шешім жай түскендей әсер етіп отыр. Келісім шартының бұзылуын заңсыз деп тапқан «АНПЗ-ТРАНС» ЖШС сотқа шағым түсірді.
«АНПЗ-ТРАНС» ЖШС Швейцариялық компанияның 70 проценттік, Атырау мұнай өңдеу зауытының 30 проценттік үлесімен 1997-жылы құрылған. Бүгінге дейін «АНПЗ-ТРАНС» ЖШС мұнай өңдеу зауыты үшін теміржол даяшылығын жасап, транспорттық-экспедиторлық қызмет көрсетіп келді.