Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шығуына өнім өткізгіш желіге ақау түсуі себепкер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шығуына өнім өткізгіш желіге ақау түсуі себепкер болды

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шығуына өнім өткізгіш желіге ақау түсуі себепкер болды

Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шығуына дизельдік отынды циркуляциялық бүрку желісіне ақау түсіп, желдеткіш жүйесі насосының электр қозғалтқышына мұнай өнімінің құйылып кетуі себепкер болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің Атырау облыстық басқармасы бастығының орынбасары Павел Котов хабарлады.

  • 15 Қаңтар 2004
  • 567
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-қаңтарда Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт шыққан болатын. Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді. Оқыс оқиадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

П.Котовтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, тілсіз жауды ауыздықтауға мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 8 тобы қатысты. Алайда, Атырау мұнай өңдеу зауытының күзетшілері өртке қарсы күрес қызметінің басшылығын зауыт аумағына жібермей қойған. П.Котовтың пайымдауынша, соның салдарынан ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңының талаптары бұзылды. «Заң бойынша біз шетелдік мемлекеттердің өкілдіктерінен басқа кез-келген нысанға кіруге құқығымыз бар»,- деді мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің облыстық басқармасы бастығының орынбасары. Зауыт күзетшілерімен нәтижесіз келіссөздерден кейін басқарма басшылығына өрт сөндірушілерді рация арқылы басқаруға тура келді.