Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылыс алаңдарына тартылған қызметкерлер жұмысқа шықпай қалды
![]() |
Атырау Мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) ароматты көмірсутекті өндіру бойынша кешеннің құрылысына тартылған |
«Вега Стар» компаниясының 25 адамы бүгін жұмысқа шықпай қалды.
АМӨЗ-дің сыртқы байланыстар және ақпарат қызметінің басшысы Елена Есенованың айтуынша, жұмысшылардың наразылығының себебі - «Вега Стар» қызметкерінің бірінің жұмыстан шығарылуы. Қызметкерді жұмыстан қуу себебі ұжымның ашуын тудырған.
«Жұмысшылардың еңбекақыны алмағандығы жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды. Иә, өткен аптаның басында «Вега Стардың» жұмысшыларында жалақы бойынша келіспеушіліктер болды. Бірақ қазіргі уақытта ақшалар төленді»,- деді Е. Есенова.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін