Мәселен, 11-қыркүйекте Каспий теңізінде «Ямаха-200» моторлы қайығы ұсталды. Онда облыстың жағалаудағы бір ауданының екі тұрғыны отырған. Тінту кезінде қайықтан бекіре тұқымдас 34 килограмм балық, 2 ау мен спутник-навигатор тәркіленді.
Табиғатқа қаскөйлік жасаумен күреске және балық қорын сақтауға бағытталған «Бекіре -2005» шарасы Каспий өңірінде 5-қыркүйекте басталды.
Шара басталғаннан бері тәртіп сақшылары балықты заңсыз аулауға қатысты 25 деректің бетін ашты. Балық өнімдерін заңсыз сатып алу немесе сатуға қатысты 8, заңсыз тасымалдауға қатысты 5 дерек әшкереленді. Браконьерлерден балықпен бірге 4,4 килограмм уылдырық, 20 балық аулау құралдары мен 2 жүзу құралы тәркіленді.
Шара аясындағы 8 күн ішінде 23 заң бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 43 695 теңгенің айыппұлы салынды. Қазір 8 дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сату немесе сатып алу жөніндегі» 183-ші және «Су жәндіктерін заңсыз аулау жөніндегі» 287-ші баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті