Атырау облысы: 12 жылдан соң кек қайтарған жігіт қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысы: 12 жылдан соң кек қайтарған жігіт қамауға алынды

Атырау облысы: 12 жылдан соң кек қайтарған жігіт қамауға алынды

Қанға – қан, жанға – жан! Атырау облысында нағыз кек алу оқиғасы орын алды. 1999 жылы адам өлтіргені үшін сотталып, енді ғана бостандыққа шыққан азаматты соның қолынан қаза тапқан жігіттің ағасы өлтірді. 12 жылдан соң кек қайтарған жігіт қамауға алынды. Оның айтуынша, о дүниелік болған інісі түсінде маза бермепті. Сондықтан ол қылмыскердің түрмеден шығуын 10 жылдан астам уақыт бойы күткен.

  • 12 Тамыз 2011
  • 624
Фото - Caravan.kz

1999 жылы Исатай бекетінің тұрғыны жаппай төбелесте қаза тапқан. Оны өлтіріп қойған Қайрат Ғазизов кінәсін мойындап, 12 жылға сотталып кеткен. Жуырда ғана бостандыққа шыққан ол отбасымен ел қатарлы өмір сүре бастаған еді. Алайда 12 жыл бұрын інісінен айрылған жігіт оны әлі күнге дейін кешірмепті. Ол Қайрат Ғазизовтың таңға жуық үйінен жұмысқа шыққанын күтіп тұрып, оған пышақ салып өлтірді.  

Ақлима Ғазизова, Қ.Ғазизовтың анасы:

Мені қинайтыны, ең қинайтыны –бір жылдың ішінде екі өлім арқалап отырмын: жолдасым инфарктіден қайтып отыр, енді  баланың мынадай жүгін арқалап отырмын. Тоқсандағы шешем отыр, немерем мен келінім отыр. Жалғыз асыраушы балам ғой.

Үйіне қансырап жеткен Қайрат  қайтыс болды. Інісі үшін өш алған Мұрат Әліпов  ұсталған күні-ақ кінәсін бірден мойындапты. 

Әділ Ұқаев Атырау облысы Исатай аудандық ІІД тергеушісі:


— Күдікті
Әліпов Мұрат істеген әрекетін алғаш берген жауабында мойындады. Өзі әдейілеп барып өлтірген. Арақ ішкен, мас күйде болған. Толық мойындады. Ал қылмыстық іс көтерілгеннен кейін сезікті ретінде алғаш берген жауабын теріске шығарып, жауап беруден бас тартып, сондай әрекет жасап отыр.

Күдіктінің қорғаушысы да бұл қасақана емес, абайсызда жасалған қылмыс дегенді айтуда. Яғни, оның ешқандай кек қайтару деген ойы болмапты. Бірақ Ғазизовтар отбасы бұнымен келіспейді.

Салтанат Қуанышева, Қ.Ғазизовтың жесірі:

Аяқ астынан болатын болса, ол төбелесер еді, соғып кетер еді… Қарумен келіп тұрған соң аяқ астынан деп айта алмаймын.

Қазір Исатай ауданының тұрғындары өштескен екі отбасын бітімгершілікке шақыруда.