Атырау облысы 2012 жылдан бастап өзін толығымен өз электр қуатымен қамтамасыз ететін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысы 2012 жылдан бастап өзін толығымен өз электр қуатымен қамтамасыз ететін болады

Атырау облысы 2012 жылдан бастап өзін толығымен өз электр қуатымен қамтамасыз ететін болады

Атырау облысы 2012 жылдан бастап өзін толығымен өз электр қуатымен қамтамасыз ететін болады, деп мәлім етті ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) төрағасы Нұрлан Алдабергенов.

  • 15 Шiлде 2011
  • 350
Фото - Caravan.kz

«Оң нәтижелер бар. Осыдан 3-4 жыл бұрын, шекті тарифтер енгізілгенге дейін, Атырау облысы электр қуатының 20% Маңғыстаудан алатын. Ресейден де электр қуаты жеткізілетін. Бүгінгі күні Ресейден электр қуаты алынбайды, 10% ғана Маңғыстау облысынан жеткізіліп жатыр. Келешекте аймақ өзін толығымен өз электр қуатымен қамтамасыз етуге қабілетті. Бұл 2012 жылдың басында жүзеге асады», -деді Н. Алдабергенов бейсенбі күні «Атырау ЖЭО» АҚ-ын аралау кезінде.

Оның айтуынша, тарифтердің өсуіне жол берілмейді.

«Сәйкесінше, тарифтер де өсірілмейді, өйткені осында газдан өндірілетін электр қуатының өндірісі Ресейден сатып алынған қуаттан арзан», — деді Н. Алдабергенов.

2011 жылы «Атырау ЖЭО» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасының сомасы Т2,65 млрд құрады. 2011 жылдың 1 шілдесінде Т1,35 млрд (51%) игерілді. Жаңа турбиналар іске қосылғаннан кейін ЖЭО-ның қуаты 35%-ға, 290 МВт-қа дейін артты.

Соңғы жаңалықтар