деп хабарлады аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов Премьер-Министрдің орынбасары Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен кеңесте.
«Өкінішке қарай, осындай жағдайлар әлі де шығуда. Жоғарғы сот, Бас прокуратура және қаржы полициясына бұл туралы ақпараттандырылды. Қазіргі кезде бұл нысандар бойынша материалдар сотқа жіберілді, олардың үшеуі бойынша сот шешімдері шығарылды. Қалғандарына байланысты сот материалдары жақын уақытта қарастырылады. Егер біз бұл нысандар бойынша шешімдер қабылдамасақ, тонаушылық басталады, олар атмосфералық жауын-шашындардың әсерімен жарамсыз болып қалады. Жасалған жұмыс рәсуә болады. Сондықтан мен республикалық трансферттерінің есебімен басталған құрылысқа қосымша қаражаттарды бөлуде көмек көрсетуді сұраймын», — деді Б.Ізмұхамбетов.
Аймақ басшысының айтуынша, осындай көлемдегі ақшаны жергілікті бюджеттен табуға мүмкіндік жоқ.