Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Айдың басында Атырау облысы Махамбет ауданы Сартоғай ауылында мектеп түлегі ауылдасының соққысынан көз жұмды. «Ақ Жайық»газетінің хабарлауынша, облыстық прокуратураның 11 шілдедегі нұсқауымен күдіктінің әрекеті «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сараланған.
13 шілдеде сот оған қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.