А.Мусиннің айтуынша, аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған мақсатты жұмыстар Атырау облысы тұрғындарының тұрмыс ахуалын жақсартуға жағдай жасады.
Сондай-ақ, әкімнің мәліметіне жүгінсек, 2003-жылы атаулы әлеуметтік көмек алған кедей-кепшіктер саны азайды. Айталық, 2002-жылы осындай азаматтар саны 62872 адамды құраса, 2003-жылы 38077 адамға дейін азайды.
Айлық орташа жалақы 16,5 процентке артып, 2002-жылғы 40790 теңгеден 2003-жылы 47520 теңгені құрады.