Атырау облысында 2003-жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9 проценттен 2,3 процентке дейін азайды - облыс әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында 2003-жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9 проценттен 2,3 процентке дейін азайды - облыс әкімі

Атырау облысында 2003-жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9 проценттен 2,3 процентке дейін азайды - облыс әкімі

Атырау облысында 2003-жылы 7661 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздар саны 10165-тан 5040 адамға дейін, ал жұмыссыздық деңгейі 4,9 проценттен 2,3 процентке дейін азайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне берген сұхбатында Атырау облысының әкімі Аслан Мусин хабарлады.

  • 24 Ақпан 2004
  • 825
Фото - Caravan.kz

А.Мусиннің айтуынша, аймақты әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған мақсатты жұмыстар Атырау облысы тұрғындарының тұрмыс ахуалын жақсартуға жағдай жасады.

Сондай-ақ, әкімнің мәліметіне жүгінсек, 2003-жылы атаулы әлеуметтік көмек алған кедей-кепшіктер саны азайды. Айталық, 2002-жылы осындай азаматтар саны 62872 адамды құраса, 2003-жылы 38077 адамға дейін азайды.
Айлық орташа жалақы 16,5 процентке артып, 2002-жылғы 40790 теңгеден 2003-жылы 47520 теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар