Атырау облысында 2006-жылы ВИЧ індетін жұқтырғандар саны 1600-ге жетеді - ЮНЭЙДС болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында 2006-жылы ВИЧ індетін жұқтырғандар саны 1600-ге жетеді - ЮНЭЙДС болжамы

Атырау облысында 2006-жылы ВИЧ індетін жұқтырғандар саны 1600-ге жетеді - ЮНЭЙДС болжамы

СПИД дертінің таралу мәселесімен айналысатын ЮНЭЙДС халықаралық ұйымы (БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД проблемасына арналған біріккен бағдарламасы) кеңесшілерінің болжамы бойынша, Атырау облысында 2006-жылы ВИЧ індетін жұқтырғандар саны кем дегенде 1600-ге жетуі мүмкін. Бұл туралы KZ-today тілшісіне халықаралық ЮНЭЙДС ұйымынан хабарлады.

  • 6 Ақпан 2004
  • 522
Фото - Caravan.kz

1993-жылы Атырау облысында алғашқы науқас айқындалса, 2003-жылдың маусым айындағы жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған 13 адам тіркеліп отыр. Ал соңғы жарты жылда бұл сан 20-ға дейін артты.

Аталмыш 20 адамның екеуі, басқаша айтсақ, Қарағандылық сотталған азамат пен Оралдық әскери қызметкер көршілес аудандарда тіркеуге тұрған. Соңғысы Атырауда бір танысының ауру қарындасы үшін қан тапсыруға барған жерінен індетті жұқтырғандығы қайтадан анықталды.
Атырауда ВИЧ індетін жұқтырғандар арасында қаладағы базарлардың бірінде сауда-саттықпен айналысқан Өзбекстандық бір тұрғын әйел бар. Қалада тұрақты тіркеуге тұрғысы келген әйел төлқұжат тәртібінде көрсетілген талап бойынша СПИД тексеруінен өткен кезде оның ВИЧ жұқтырғаны мәлім болды. Індетті жұқтыру себебін анықтау мүмкін болмай қалды, өйткені, ауру екенін білген әйел отанына кері оралған.

Соңғы жаңалықтар