Атырау облысында 2009 жылы жол жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен шамамен 2,7 млрд теңге бөлу жоспарлануда
Атырау. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында 2009 жылы жол жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен шамамен 2,7 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов 5 қарашада Атырау облысының активімен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі министрліктің абспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Атырау облысы бойынша "Ақтау - Атырау" автожолының "Қарабатан - Бейнеу" учаскесін қайта жаңарту бойынша, "Ақтөбе - РФ шекарасы (Астраханьдағы)" автожолының 8 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, "Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астраханьдағы)" автожолының 70 шақырымын орташа жөндеу аяқталды.
Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен "Еркін Қала поселкесіне кіре беріс" автожолын, "Индер - Қарабау - Миялы - Сағыз" автожолының Шолақсай өзені арқылы көпірін қайта жаңарту бойынша жұмыстар сондай-ақ "Атырау - Дамба" автожолының 19 шақырымына күрделі жөндеу аяқталды.
2009 жылы республикалық бюджет есебінен "Ақтөбе - Атырау - РФ шекарасы (Астраханьдағы)" автожолының 27 шақырымына күрделі жөндеуді бастау;
ұзындығы 146 шақырым автожолға орташа жөндеуді орындау жоспарлануда.
Жергілікті желілердегі мақсатты трансферттер есебінен "Еркін қала поселкесіне кіре беріс" автожолын, "Индер - Қарабау - Миялы - Сағыз" автокөлік жолын қайта жаңарту, сондай-ақ "Атырау - Дамба" автожолын күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін