Атырау облысында 2009 жылы жол жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен шамамен 2,7 млрд теңге бөлу жоспарлануда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында 2009 жылы жол жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен шамамен 2,7 млрд теңге бөлу жоспарлануда

Атырау облысында 2009 жылы жол жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен шамамен 2,7 млрд теңге бөлу жоспарлануда

Атырау. 7 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысында 2009 жылы жол жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен шамамен 2,7 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов 5 қарашада Атырау облысының активімен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі министрліктің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қараша 2008
  • 606
Фото - Caravan.kz

Атырау облысы бойынша «Ақтау — Атырау» автожолының «Қарабатан — Бейнеу» учаскесін қайта жаңарту бойынша, «Ақтөбе — РФ шекарасы (Астраханьдағы)» автожолының 8 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, «Ақтөбе — Атырау — РФ шекарасы (Астраханьдағы)» автожолының 70 шақырымын орташа жөндеу аяқталды.

Республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер есебінен «Еркін Қала поселкесіне кіре беріс» автожолын, «Индер — Қарабау — Миялы — Сағыз» автожолының Шолақсай өзені арқылы көпірін қайта жаңарту бойынша жұмыстар сондай-ақ «Атырау — Дамба» автожолының 19 шақырымына күрделі жөндеу аяқталды.

2009 жылы республикалық бюджет есебінен «Ақтөбе — Атырау — РФ шекарасы (Астраханьдағы)» автожолының 27 шақырымына күрделі жөндеуді бастау;

ұзындығы 146 шақырым автожолға орташа жөндеуді орындау жоспарлануда.

Жергілікті желілердегі мақсатты трансферттер есебінен «Еркін қала поселкесіне кіре беріс» автожолын, «Индер — Қарабау — Миялы — Сағыз» автокөлік жолын қайта жаңарту, сондай-ақ «Атырау — Дамба» автожолын күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар