Атырау облысында 5 жылдан бері жарыққа жарымаған жұрт шу көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында 5 жылдан бері жарыққа жарымаған жұрт шу көтерді

Атырау облысында 5 жылдан бері жарыққа жарымаған жұрт шу көтерді

5 жылдан бері қараңғылықта отырған ауыл. Атырау облысында жарыққа жарымаған жұрт наразылық білдірді. Махамбет елді-мекені тұрғындарының базына айтып бармаған жері жоқ. Құрғақ уәдеден мезі болған жұрт бүгін ақыры жаңаден келген әкімді жағадан алды.

  • 2 Қараша 2012
  • 501
Фото - Caravan.kz

Махамбеттіктердің тас түнекте тұрып жатқанына тура 5 жыл. Жарық пен жолды былай қойғанда қара суға да жарымай отыр жұртшылық. Шенеуніктердің құрғақ уәдесінен шаршадық дейді өздері. Ауылдағы бағаналарға электр сымдарының тартылғанына да біраз болыпты. Алайда,  түрлі сылтауды айтып, төбе көрсетпей жүргендер жақын уақытта жарық беретін сыңай танытпайды.  

Роза Берғалиева, Махамбет ауылының тұрғыны:

— Әкімдік осының біреуін қадағаламай отыр. Мынаны жүргізгенде бір комиссия болған жоқ. Соған қарағажарық береміз деп бірнәрсені жасап бастады. Біз қарап отырдық. Мәссаған, бір кезде біз көктемде келеміз деп кетіп қалды.

Ақшалары толық төленбеді ме, әлде бұйрық солай болдыма әйтеуір құрылысшылар құрал-сайманын жинап ауылдан тайып тұрған. Тұрғындардың содан бергі жұбанышы жанармаймен істейтін генератор. Жарықты да, құдықтағы суды да соның көмегімен тартады. Алайда, қараңғы ауылда амалын тауып элетр жарығына қарық болып отырғандарда жоқ емес екен.

Неге ана екі үйге свет береді, мына екі үйге бермейді? Әділетсіздік деген  болады. Беріледі ма, бәріне берілсін! Берілмей ма, ешкімге берілмесін.

Шырылдаған қарашаның айтқанынан байқағанымыз биліктегілер Махамбет ауылына жарықты биыл берем деп сендірген. Алайда қалыптасқан үрдіспен әкім ауысып кетіп уәде сол күйінде қалады. Ал, жаңа басшының айтқаны 5 жыл шыдадыңдар, енді тағы бір жыл күте тұрыңдарға саяды. Бүгін шыдамдары таусылған жұрт жаңа әкімді жағадан алды.  


Сен халыққа келгенде нақты жауап беруің керексің. Сен нақты жауап бере алмай отырсын.

Қайыржан Мәжиев, Махамбет ауылдық округінің әкімі:

— Атырау жарықтың районның кіші станциясының қуатын көбейту керек. Сол қуат көбейгенде бұлар қосады. Келесі жылы толықтай қосылады. Қазір біздің қолдан ештеңе келмейді.

Шенеуніктің айтқанынан байқағанымыз, қалтасында 500 мың теңгесі барлардың жарығы жылдам жанады екен. Қалғандарының биылғы қысты да жарықсыз, сусыз өткізуден басқа амалы жоқ.

Соңғы жаңалықтар