Атырау облысында 6 жыл бұрын басталған 26 шақырым жолды жөндеу әлі бітпеген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында 6 жыл бұрын басталған 26 шақырым жолды жөндеу әлі бітпеген

Атырау облысында 6 жыл бұрын басталған 26 шақырым жолды жөндеу әлі бітпеген

Атырау облысында 6 жыл бұрын 26 шақырым жолды күрделі жөндеу басталған. Алайда, аталған жолды жөндеу жұмысы әлі бітпей тұр.

  • 1 Қазан
  • 10
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қала мен аудандарда салынып жатқан жолдың сапасына үнемі бақылау жүргізіп келеді.

«Жақында департамент басшылары Құрманғазы ауданындағы автомобиль жолының жөндеу барысына мониторинг жүргізді. Мәселен, 2018 жылы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын «Ганюшкин-Приморье-Утера-Котяев» автомобиль жолын күрделі жөндеу басталған. Шарт сомасы – 4,2 млрд теңге. Мердігерлікке «Бекет Сат Жол» ЖШС таңдалған. Тапсырысты облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берген. Мониторинг кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілмейтіні, жол жабынының жоғарғы қабаты төселмегені, күрделі жөндеу осы күнге дейін аяқталмағаны анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мердігер компания мұның себебін құрылыс материалдарының қымбаттауы және пандемиямен байланыстырған. Осыған байланысты сметалық құжаттамаға бұрын көзделмеген жұмыстарды қосып, қосымша келісім жасасу жоспарланып отыр.

«Былтыр «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Атырау филиалы тексеру жүргізіп, асфальтбетон жамылғысынан ұсақ түйірлі қиыршықтастың бөлінуі түріндегі елеулі ақауды анықтаған болатын. Мердігер бұл ақауды бүгінгі күнге дейін қалпына келтірмеді. Ал соңғы мониторингте жол жабынының шөгуі анықталды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты тапсырыс берушіге ескерту жасалған. Ал, анықталған кемшіліктерді жоюға уақыт беріліп отыр.