Атырау облысы ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерлері Құлсары ауылынан 10 шақырымда «Атырау тасымалдағыш» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі «Урал» маркілі үш автокөлік пен екі «КамАЗ» көлігін тоқтатқан. «Әр автокөлікке жалпы көлемі 94 тонна шикізат тиелгені анықталды. Көлік жүргізушілерінің шикізатты тасымалдауға қажетті құжаттары болмаған»,- деп хабарлады полицейлер. Көлік жүргізушілері Орал,Шымкент, Ақтөбе облыстарының тұрғындары болып шықты.
Полицейлердің ақпаратынша, «мұнай Маңғыстау облысындағы «Равнинное Ойл» ЖШС тиесілі кен орнында ұңғыдан құйылып алынған.
Қазіргі кезде құқық қорғау органдары қылмысты ұйымдастырушыларды анықтауда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті