Атырау облысында апалы-сіңлілі кішкентай қыздар өзенге батып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында апалы-сіңлілі кішкентай қыздар өзенге батып кетті

Атырау облысында апалы-сіңлілі кішкентай қыздар өзенге батып кетті

Атырау облысындағы Жайық өзенінде бір отбасының екі баласы суға кетті, - деп хабарлайды "Ак Жайык". Қыздардың бірі үш жаста, ал екінші бір жарым жаста ғана болған. 

  • 14 Сәуiр 2017
  • 439
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 13 сәуірде Махамбет ауданындағы Атамбаев ауылында болды. Атырау облысының әскери-құтқару қызметінің жетекшісі Самат Құмашевтің айтуынша, түске таман ата-анасы балалардың үйде жоқ екенін байқаған.

Кейін жағалауды іздеген. Үй судан небары 20 метр жерде болған. Кейін отбасының туыстары балалардың өлі денесін ағыспен төмен қарай екі шақырым жерден алып шыққан.