Атырау облысында «Ардагер денсаулығы» акциясы жүзеге асырыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында «Ардагер денсаулығы» акциясы жүзеге асырыла бастады

Атырау облысында «Ардагер денсаулығы» акциясы жүзеге асырыла бастады

Атырау облысында «Ардагер денсаулығы» акциясы жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды сейсенбі күні облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

  • 12 Шiлде 2011
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Шара аясында көшпелі медициналық емхана ұйымдастырылды. Оған облыстық аурухананың дәрігерлері — окулист, гинеколог, кардиолог, невропатолог, лор, акушер, терапевт және зертханашы мамандар тартылды», — деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Оның айтуынша, шара аясында аймақтың ауылдық округтарында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, Ауғанстандағы соғыстың ардагерлерін, мүгедектерді және зейнеткерлерді тексеру жоспарланған.

Дүйсенбі күні көшпелі емхана Томарлы ауылына келді. Бұл жерде дәрігерлер екі күн жұмыс істейді. Алдын ала есептеулерге сәйкес, дәрігерлер 200-ден аса адамды қабылдауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары флюорографиядан да өте алады.

Шараны «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы ұйымдастырып отыр. «Ардагер денсаулығы» акциясы екі айға жалғасады.

Соңғы жаңалықтар