Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 14-мамырда Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында жеке меншіктегі 1200 бас ірі қарадан 348 басты малдың аусылға шалдыққаны анықталды. Оның 18-і өртеліп, арнаулы мал қорымына көмілді. «Диагнозды «Республикалық мал дәрігерлік зертхана» РҚКК қан сынамасын зерттеу арқылы зертханалық тексеруде анықтады»,- деп хабарлады баспасөз қызметі. Аусылға шалдыққан малдың саны 2136-ға жетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті