Атырау облысында балалардың сұлулық байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында балалардың сұлулық байқауы өтті

Атырау облысында балалардың сұлулық байқауы өтті

Атырау облысының Күлсары қаласында «Кішкентай ханшайым» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 5 Шiлде 2011
  • 802
Фото - Caravan.kz

«Биыл Күлсарыда «Кішкентай ханшайым» байқауы алғаш рет ұйымдастырылды. Байқау дәстүрге айналып, жылда өткізіледі деп ойлаймыз», – деді байқаудың ұйымдастырушысы Жайна Нұрханова сейсенбі күні.

Байқауға 3-5 жас аралығындағы 15 қыз бала қатысты.

Ж.Нұрханованың айтуынша, байқау «жас дарындарды қолдау, бала жастан сұлулыққа баулу» мақсатында өткізіледі.

Гран-при мен «Кішкентай ханшайымның» тәжі 4 жастағы Мәдина Мұханбетке бұйырды, оған диплом мен үлкен қуыршақ тарту етілді. 1 орынды 5 жасар Аружан Қабидоллаева мен 3 жасар Нұрдана Тарих, екінші орынды 4 жасар Набат-Шырын Жұмабай мен Шұғыла Сейталиевалар бөлісті. Үшінші орын 3 жасар Айназ Жұмабекқызы мен 5 жасар Зере Жақашқа бұйырды. Динура Іздибай «Көрермендер көзайымы» атанды.

Байқауға қатысушылардың бәріне ойыншықтар тарту етілді.

Соңғы жаңалықтар