Атырау облысында Бекет атаның 260 жылдығы аталып өтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында Бекет атаның 260 жылдығы аталып өтілуде

Атырау облысында Бекет атаның 260 жылдығы аталып өтілуде

Атырау облысында Бекет атаның 260 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды.

  • 10 Қыркүйек 2010
  • 634
Фото - Caravan.kz

Негізгі салтанатты шара облыстың Жылыой ауданындағы «Бәйгетөбе» елді мекенінде өтетін болады. Дәл осы жерде мұсылман қауымы үшін қасиетті деп танылатын Ақмешіт орналасқан.

Жүздеген атыраулық азамат Бекет атаны еске алып, салтанатты шараларға қатысу ниетін білдірген. Халықты Құлсары қаласына жеткізу үшін 10 вагоннан тұратын теміржол пойызы құралған, ал қасиетті мекенге оларды әрі қарай автобус жеткізеді.

Бекет ата — XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген талантты ағартушы, гуманист, рухани ұстаз болған.