Полицияның ақпараты бойынша, Атырау облысы ІІД балық запастарына қастандық жасау қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізген рейд шаралары кезінде «Атырау-Астрахань» тас жолында Орал тұрғыны жүргізіп келе жатқан «ВАЗ-2107» автомашинасы ұсталған. Көлуікті тінту барысында құжатсыз 200 кг бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.
Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті