«Атырау облысында тәрбиенің мұндай түрі 2003-ші жылдан бері жұмыс істеуде. Бүгінге облыста 18 жетім қамқорлықтағы отбасыларында тұрады. Бір баланы тәрбилеуге оны қамқорлыққа алған, немесе патронатты ата-анаға айына Т38,158 төленеді», — деді облыстық басқарманың бастық орынбасары Злиха Дүйсекенова.
Ол сондай-ақ жетім баланы қамқорлыққа рәсімдеуге болатынын атап өтті. Өткен тоқсанда 23 баланың үстінен қамқорлық рәсімделіпті.
Ведомство мәліметтерінше, 2011-ші жылғы бірінші тоқсандағы жағдай бойынша, балалар үйі мен интернаттарда тұл жетім немесе ата-аналарын ондай құқығынан сот арқылы айырған 150 бала бар. Жыл басынан бері 33 бала өз отбасына оралды немесе жаңа отбасыларын алды.
«Былтыр Атырауда 158 баланы, 2009-шы жылы – 102 баланы асырап алды», — деп тұжырымдады З. Дүйсекенова.