Атырау облысында далада адасып кеткен екі тарихшы табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында далада адасып кеткен екі тарихшы табылды

Атырау облысында далада адасып кеткен екі тарихшы табылды

Каспий маңындағы далада өңірдің ежелгі тарихын зерттеу бойынша шығармашылық топтың жоғалған мүшелері екі тәуліктен кейін табылды, деп хабарлайды облыстық ТЖ департаменті.

  • 22 Шiлде 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

Іздестіру жұмыстарын облыстық ТЖ мамандары, Жылыой аудандық әкімшілігінің өкілдері, жеке кәсіпкерлер, мұнайшылар жүргізді. Әбден шаршаған адамдарды өтіп бара жатқан КамАЗ көлігінің жүргізушісі құтқарған.

«Жылыой ауданының Доңызтау деген жерінің қасында ежелгі молалар бар, біз ол жерге фотографпен бірге келгенбіз. Біз жұмысқа қызу кірісіп, фотосуреттер жасап, қайтатын уақытты кейінгі қалдырдық. Демалуға тоқтасақ, адасып кеткенімізді түсіндік», — дейді «Ақ желкен» облыстық шығармашылық орталығының директоры Нұрберген Дәулетов.

Серіктері белгілеген уақытта келмегендіктен, оларды алдымен өздері іздеген, кейін облыс орталығымен байланысқан.

«Бұл уақытта біз аптап ыстықта 200 шақырым жол жүріп, Желтау деген жерге келдік. Қатты шөлдегендіктен, ойларға жиналған жаңбыр суын іштік. Бақытымызға орай, алыстан үлкен үк көлігі көрінді. Біз оны көргенде қатты қуандық. Ол жерде қатты ыстықтан басқа, қасқырлар көп. Бізді іздеген адамдардың бәріне алғыс айтамыз», — деді Н. Дәулетов.