Caravan Logo

Атырау облысында ер адам қарумен қорқытып, дүкен тонаған

Атырау облысында ер адам қарумен қорқытып, дүкен тонаған


Атырау облыс аумағында қару қолданумен жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу, атыс қаруы ұрлықтарын жасайтын адамдарды ұстау, жауапкершілікке тарту, атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын заңсыз дайындауға, оның айналымына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында 10-12 қараша аралығында «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. 
10 қараша күні сағат 13.20 шамасында белгісіз адам Қызылқоға ауданы Миялы селосындағы азық-түлік дүкендерінің біріне кіріп, қолындағы қаруымен 1963 жылғы туылған азаматты қорқытып, ашық түрде күш көрсету арқылы дүкен кассасынан 20 мың теңгені алып кеткен. 
«Қару» жедел іс-шарасы барысында сол ауданның 1978 жылғы туылған тұрғыны анықталып ұсталып, айғақ зат ретінде 16-калибрлі дара ұңғылы шолақ мылтығы тәркіленді. Күдікті өз кінәсын мойындап, қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК 128 бабына сәйкес, уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында жалпы саны 6 тапанша тәріздес пневматикалық қару мен 2 шолақ мылтық тәркіленді», делінген хабарламада.