Атырау облысында инвестиция тартымдылығы туралы бейнеролик түсіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында инвестиция тартымдылығы туралы бейнеролик түсіріледі

Атырау облысында инвестиция тартымдылығы туралы бейнеролик түсіріледі

Атырау облысына шетелдік капитал тарту мақсатымен аймақтың инвестициялық тартымдылығы туралы бейнеролик түсіріледі, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

  • 1 Маусым 2011
  • 673
Фото - Caravan.kz

«Тікелей инвестицияларды көбірек тарту керек. Бұл үшін шетелдік бизнесмендермен, елшіліктердің қызметкерлерімен келіссөз барысында облыстың мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы ақпаратты толықтыру қажет», — деп атап өтті облыс әкімі Бергей Рысқалиев сейсенбі күні облыс әкімдігіндегі кеңесте.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың алғашқы жарты жылдығында Атырауда екі инвестициялық жоба пайдалануға беріледі: мұнай-газ өнеркәсібі үшін түрлі тығыздағыш төсемелердің өндірісі — «Новус Силинг Каспиан» ЖШС (Ұлыбритания) және сорғыш жабдықтарын жөндеу бойынша сервистік компания — «Флоусерв» (Нидерланды) ЖШС.

Бұдан басқа, жыл соңына дейін «Скема» итальяндық компаниясы орташа және аз қуатты электр қалқандарын «бұрандалы жинау» жобасын жүзеге асыра бастайды.

Бүгінгі күні Атырауоблысы 55 шетелдік мемлекетпен ынтымақтастық орнатқан. Аймақта 410 бірлескен және шетелдік кәсіпорын жұмыс істейді, оның 120-сы – бірлескен кәсіпорын болса, 290-ы – шетелдік.

Соңғы жаңалықтар