Атырау облысында іріқара індетінің аймағы кеңейді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында іріқара індетінің аймағы кеңейді

Атырау облысында іріқара індетінің аймағы кеңейді

Атырау облысында ірі қара ауруға ұшырап, қырыла бастаған нодулярлық дерматит індеті тараған аймақ ұлғайды.

  • 28 Шiлде 2016
  • 482
Фото - Caravan.kz


«Сәрсенбі күні қала маңындағы Дамба және Кеңөзек ауылдық округтерінде іріқара мал ауруы тіркелгені белгілі болды. Қазіргі уақытта 24 сиыр ауруға шалдықты. Сондықтан бүгіннен бастап карантин індет басталған Құрманғазы мен Исатай аудандарында ғана емес, қала маңындағы кенттерде де енгізілді. Қазіргі уақытқа дейін барлығы 2953 сиыр кеселге шалдықты, оның 130-ы қырылды», деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі брифингінде Атырау облысының ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Азамат Айтқалиев.

Соңғы жаңалықтар