Атырау облысында құс фабрикасы екі жылдан бері жұмыс істемей тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында құс фабрикасы екі жылдан бері жұмыс істемей тұр

Атырау облысында құс фабрикасы екі жылдан бері жұмыс істемей тұр

Атырау облысында құс фабрикасы екі жылдан бері жұмыс істемей тұр. Осыған байланысты фабриканың құрылтайшысы облыс әкімінен көмек сұрады.

  • 14 Маусым
  • 14
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құс фабрикасын Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы кооперативі іске қосқан. Онда жылына 800 тонна құс етін өндіру көзделген. Алайда, құс фабрикасының құрылтайшысы Жанар Аманғалиеваның айтуынша, екі жылдан бері жұмыс тоқтап тұр.

«Бұл фабрика қоспасыз әрі химикатсыз құс өнімдерін шығарды. Тек ауданды емес, облыс тұрғындарын таза құс етімен қамтамасыз еткен едік. Бизнеске алынған субсидияны кері қайтарамыз деп, шығынға ұшырадық. Бірақ, ешбір техника бұзылған жоқ. Ал, 50-ге жуық қызметкерім жұмыссыз отыр. Енді осы кәсібімді жандардыру үшін 4-5 пайызбен қайтарымды қаржы сұраймын. Жұмыс бастаған соң алты айдан кейін қарызымды қайтара бастаймын», — дейді Жанар Аманғалиева.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов жауапты басшыларға жергілікті құс фабрикасының жұмысын жандандыруды қарастыру туралы тапсырма берді. Құс фабрикасының құрылтайшысына шілдеге дейін бизнес-жоспар дайындап, кейін бірлесе талқылауды ұсынды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау маңында 37 шаруа қожалығының 3120 гектар жерін тасқын су басқанын жазған едік.