Белгілі болғандай, балалар – «Орал» спорттық клубының оқушылары. Олар жарысқа қатысу үшін Оралдан Атырау қаласына бара жатқан.
Полициядағылардың сөзінше, жол апаты Индер-Атырау автожолында, Көктоғай елді мекенінің маңында орын алған.
Апат салдарынан автобуста болған 43 жолаушының үшеуі көз жұмды. Тағы 15-і өңірдегі медициналық мекемеге жеткізілді. Сонымен қатар көз жұмғандардың арасында балалар жоқ екені белгілі болды.
Оқиға орнына ондаған жедел жәрдем көлігі келді.
Аудандық әкімдіктің шенеуніктері автобуста қалған жолаушыларға ыстық тамақ беріп, оларды қажетті жерге жеткізетін көлік дайындады. Дәрігерлердің сөзінше, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі уақытта полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр. ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 11 бала Махамбетте жатыр. Олардың жағдайы жақсы. Тағы 4 баланы Атыраудағы облыстық ауруханаға алып кеткен.
«Қазір әріптестерімізге хабарласып, жағдайды біліп отырмыз. Балалар жарысқа бара жатқан. Бұйрық болмаған. Ата-аналары балаларының жарысқа жіберілуін талап етіпті. Клуб басшылығы осылай дедйі. Олар кәдімгі рейстік автобуспен жолға шыққан», – дейді БҚО дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева.