Апат Мүкір бекетіне таяу жерде Мақат-сағыз өткелегінде болды. Жол полициясы басқармасынан хабарлағанындай, «Ниссан» автокөлігінің жүргізушісі темір жолды кесіп өтетін жерде семафордың тыйым салған дабылына мән бермей өтіп кетпек болған. Соның салдарынан 35 жастағы көлік жүргізушісі мен оның жанында отырған жолаушы жарақаттанып ауруханаға түсті.
Жүк тиеген отарба діттеген жерге 4 сағат кешігіп жетті.