Жеті түйе улы өрмекшілердің құрбанына айналды: алты түйе Индер ауданында қаза тапты. Уақытылы ем көрсетілген жиырма мал құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Мал дәрігерлерінің айтуынша, өрмекшілердің белсенділігіне аптап ыстық ауа райы түрткі болған. Алайда неліктен тек түйе малы ғана зардабын тартып жатқаны түсініксіз.
Қарақұрт шаққан малды құтқаруға болады, бірақ иесі бір-екі күн ішінде сырқатын анықтауы тиіс, сонда у денеге тарамай ем көрсетуге мүмкіндік туады.