Атырау облысында қаржы полициясының қызметкері салық қызметкерінен пара алып жатып ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында қаржы полициясының қызметкері салық қызметкерінен пара алып жатып ұсталды

Атырау облысында қаржы полициясының қызметкері салық қызметкерінен пара алып жатып ұсталды

АСТАНА. 9-тамыз. Kazakhstan Today. Атырау облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қаржы полициясының сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді әшкерелеу жөніндегі басқармасының аға инспекторын салық қызметінің қызметкерінен пара алып жатқан кезде құрықтады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 9 Тамыз 2006
  • 598
Фото - Caravan.kz



Полицияның түсініктемесіне сәйкес, қаржы полициясының сыбайлас жемқорлыққа қатысты істерді әшкерелеу жөніндегі басқармасының аға инспекторы Атырау облыстық салық комитетіндегі тексеру барысында салық комитеті қызметкерлерінің жыл сайынғы кіріс жөніндегі декларацияны толтыруда жол берген заң бұзушылықтарын анықтаған. Кінәлілерді жауапкершілікке тартпау жөнінде оң шешім шығару үшін ол салық комитетінің қызметкерінен 40 мың теңге пара талап етіпті.

Мемлекеттік қызметкер ақшаны алып жатқан сәтте қолға түсті. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта