Атырау облысында салық комитетінің қызметкері қаза тауып, тағы біреуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында салық комитетінің  қызметкері қаза тауып, тағы біреуі жараланды

Атырау облысында салық комитетінің қызметкері қаза тауып, тағы біреуі жараланды

Атырау облысында белгісіз біреулер салық комитетінің қызметкері Тұрар Жұмашевті атып өлтіріп, оның әріптесін жарақаттады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Мамыр 2005
  • 482
Фото - Caravan.kz

Полицияның мәліметіне сәйкес, Атырау облыстық салық комитетінің қызметкерлері аудандық салық комитетінің жұмысына тақырыптық тексеру жүргізу үшін Мақат ауылына келген. Сонымен бірге акциздік тауарлар бойынша салық заңнамасының орындалуына рейдтік тексерулер жүргізу межеленген екен.

13-мамыр күні түнде беймәлім қылмыскерлер комитет қызметкерлері орналасқан қонақүйге таяу жерде оларға қаратып бірнеше оқ атқан. Қастандық салдарынан бір оперативтік қызметкер қаза тауып, оның әріптесі ауруханаға жатқызылды.
Атырау облыстық салық комитетініңтөрағасы Мирболат Райымқұловтың хабарлауынша, айтуынша, Мақатқа іссапармен жіберілген комитет қызметкерлері жұмысын ойдағыдай атқарып жүрген жас жігіттер болатын.
Қазір Мақат ауылында облыстық ІІБ бастығының орынбасары Еркін Шпанов басқарған шұғыл тергеушілер тобы жұмыс істеп жатыр.

Перейти к новостям спорта