Жарияланды: 470

Атырау облысында «Танысуға рұқсат етіңіз» акциясы басталды

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыс орталығындағы қылмыстық ахуалды сауықтыру мақсатында Атырау облысында 13-26 маусым аралығында «Танысуға рұқсат етіңіз» акциясы өтеді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Осы шара кезінде учаскелік полиция инспекторлары кешкі 18 сағат пен 22 сағат аралығында әрбір үй мен әрбір пәтерді аралайды. Тексеру кезінде полиция қызметкерлері өздері қызмет көрсететін аумақтағы үйлер мен пәтерлердің, кіреберіс есіктің домофон, кодтық құлыптардың жай-күйін сипаттап, кесте толтырады. Сонымен қатар, үйлерде, пәтерлерде тұратын азаматтардың саны, олар туралы мәліметтер ескеріледі. Учаскелік инспекторлар бұдан бұрын жүргізіп келген өздерінің учаскелеріндегі тұрмысы төмен отбасылар, жалғызбасты адамдар, әртүрлі притондар туралы ақпарат-есептерін салыстырып, жаңартады. Ал жалғызбасты жандар туралы ақпараттар әрі қарай шешім қабылдау үшін әлеуметтік қорғау, әкімшілік секілді орындарға жолданады. Шара кезінде учаскелік инспекторлар өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарды аралап, тұрғындармен жүздеседі, оларға өзерінің аты-жөндерін, телефондары жазылған визиткаларын таратады. Мұндай әрекеттердің тұрғындар үшін де, учаскелік полиция инспекторлары үшін де пайдасы көп.Мысалы, тұрғындар кез-келген уақытта, өздері құқық бұзушылыққа немесе қылмысқа куә болған кезде күн-түн демей өздерінің учакскелік полиция инспекторына хабарлай алады. Ал учаскелік инспекторлар өз аймақтарындағы тұрғындарының немен айналысатынын біліп, зерделейді, қылмыс жасауға бейім адамдар болса бақылау -есебіне алады, сөйтіп, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алады.Сонымен қатар, учаскелік инспекторлар осы шара кезінде тұрғындарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіреді.Атап айтқанда, қоғамдық орындарда сыра немесе ішімдік ішуге, сондай-ақ көп қабатты үйлердің аулаларында, көшенің кез-келген жерінде көліктерін жууға да тиым салынғаныы, Заң бойынша кәмелетке толмаған балалар түнгі 22-ден таңғы 06-ға дейін заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз жүре алмайтынын да айтып, түсіндіреді. Сонымен қатар, осы шара аясында ішкі істер органдарының басшылары тұрғындармен кездесулер өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін