Атырау облысында Жаңа Мақат алаңында сулы-газды қоспа атылды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында Жаңа Мақат алаңында сулы-газды қоспа атылды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Атырау облысында Жаңа Мақат алаңында сулы-газды қоспа атылды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 11-наурыз. Kazakhstan Today. Атырау облысында Жаңа Мақат алаңындағы қазба бөлімде сулы-газды қоспа атылды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Наурыз 2007
  • 541
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, 10-наурызда №ZMA-A6 ұңғысында (Жаңа Мақат алаңы, тапсырыс беруші — «Самек Интернэшил»ЖШС , мердігер «Поиск нефти и газа»ААҚ) 4 сағат 30 минутта 495 метр тереңдіктегі қазба жұмыстары кезінде сулы-газды қоспа атылды. 6 сағат 30 минутта Скайтоп RR-750 бұрғылау қондырғысының мачтасы құлады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

18 сағат 00 минуттағы жағдаймен сулы-газды қоспа әлі атқып жатыр. Апат орнында ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің «Ақберен» РҚКК Атырау филиалының шұғыл құрамы бұрғылау қондырғысын демонтаждау жұмысымен айналысуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті