Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

Атырау облысының Исатай ауданында Атырау-Астрахань тас жолында ірі жол апаты болды.

  • 15 Қаңтар 2018
  • 127
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz ATPress.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жол-көлік оқиғасы 14 қаңтарда шамамен 15:15-те Хамит Ерғали ауылынан бес шақырым жерде болған. Hyundai Accent және ВАЗ-21015 көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 60 жастағы ВАЗ-21015 жүргізушісі және оның төрт жолаушысы қаза болды — 1977 және 1961 жылғы әйел адамдар, 1989 жылғы және 1958 жылғы ер адамдар. 

Hyundai Accent көлігінде отырған жүргізуші мен төрт жолаушы (оның ішінде балалар да бар) Аққыстау ауруханасына жеткізілді. Қайсағалиеваның айтуынша, арнайы сараптамалар тағайындалады, тергеу шаралары жүріп жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар