Бұл туралы аталған ауданның әкімі Марат Мурзиевке сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
"Жылқылардың арасында жұқпалы ауру тараған. Кезінде аталмыш ауру туралы білу мақсатында жергілікті зертхана мамандары малдардан арнайы анализ алған болатын, тіпті Астана, Алматы сияқты қалалардан мамандар да келді. Осы уақытта лабораториялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақты Исатай ауданы туралы айтар болсақ, бүгінде бізде жылқылардың ауру жұқтыруының 250 жағдайы тіркеліп отыр. Олардың арасында 138 жылқы өлді, 40 жылқы сауығып келеді. Тағы 72 жылқы ветеринар мамандардың бақылауында. Осы кезде жылқылардың жаппай қырылуы тоқтады" деді М.Мурзиев.