Жарияланды: 390

Атырау облысында жемқорлық фактілері бойынша тағы 6 адам іздеуге жарияланды

Атырау облысында жемқорлық фактілері бойынша тағы 6 адам іздеуге жарияланды

Қаржы полициясы агенттігінің тергеу-жедел тобы Атырау облысында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша тағы 1 қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті. Мәселен, ағымдағы жылғы 1 қарашада Атырау қаласының оң жағалау бөлігінің су жинау және суды тазарту құрылғыларын салу кезінде 227 млн.теңге бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Атырау қаласының құрылыс басқармасының, Атырау облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті мен «Азия Маркет С» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Агенттіктің тергеу-жедел тобы сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстарды тергеу барысында тағы 6 адамды іздеуге жариялады. 2012 жылғы 13 қарашада «АтырауГрандСтрой» ЖШС директоры Жұлмағамбетов Н., «Центр Строй ЛТД» ЖШС директорының орынбасары Даневич А., «BNB Construction» ЖШС есепшісі Азбергенова Г. және Ізбасар Е., Сүлейменов А. пен Желдібаев М. деген азаматтар іздеуге жарияланды. 2012 жылғы 8 қарашада Атырау облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Н. Кенжебеков ұсталды. Оған «Атырау-Доссор-Мақат» су құбырын салуға бөлінген 3 млрд.теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлауға қатысты деген айып тағылып отыр. 8 қарашада ол сот санкциясымен үй қамауына алынды. Оған қоса 4 қарашада жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жалған кәсіпорындардың есеп-шоттары арқылы ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру жолымен бюджет қаражатын ұрлауға қатысты деген айыппен іздеуге жарияланған Корицкий Орал қаласында ұсталды. Осылайша бүгінгі күні Агенттіктің тергеу-жедел тобымен Атырау облысы әкімшілігінің лауазымды тұлғалары және мердігерлік ұйымдардың басшыларымен жасалған мемлекетке жалпы мөлшері 34 млрд.теңгеден астам залал келтірген сыбайлас жемқорлық деректері бойынша қозғалған 31 қылмыстық іс тергелуде. Аталған қылмыстарды жасады деген айыппен 9 адам қамауға алынды, 3 - үй қамауында, 11 адам іздеуге жарияланды. Қаржы полициясы органдарымен мемлекетке келтірілген залалды өтеуге бағытталған жұмыс атқарылуда. Құны 21 млрд.теңгені құрайтын кезінде заңсыз жекешелендірген 13 объекті ерікті негізде мемлекетке қайтарылды. Бұдан бөлек, әрі қарай залалды өтеу мақсатынды тергеу-жедел тобымен мүліктің 400 түріне тыйым салынды. Олардың қатарында: 108 жер учаскесі, 170 бірінші және екінші кезектегі объектілер (әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, кеңсе ғимараттары мен пәтерлер), 5 коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестері, 19 транспорттық құрал, 91 бірлік құрал-жабдық, жалпы соммасы 1,1 млрд.теңгеден асатын 11 банкілік есеп-шот және 1 сауда-ойын сауық орталығы бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін