Атырау облысы Жылыой ауданында Құлсары-Сарықамыс автожолының 15-шақырымында 12-шілде күні 13 сағат 07 минутта «ВАЗ- 2107» автокөлігінің жүргізушісі «ВАЗ-2106» автокөлігімен соқтығысып қалу салдарынан екінші көлік өртеніп кеткен. Апаттан «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ, «ВАЗ-2106» автокөлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Тағы үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.