Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 24.kz ақпрарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін таңертең Құлсары-Теңіз тас жолында Жылыой ауданы Теңіз вахталық кентінен 25 км қашықтықта екі автокөлік соқтығысты. Ресейлік есепте тұрған Chevrolet Aveo маркалы көлігінде Қазақстанның 4 азаматы болған.
Олардың барлығы апат орнында қаза тапты. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Лада 2131» маркалы екінші көлікте Батыс Қазақстан облысының тұрғындары келе жатқан. Жүргізуші алған жарақаттан оқиға орнында қаза тауып, жолаушы ауруханаға жеткізілді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тағайындалған сараптамалар жүргізілгеннен кейін анықталады.