Атырау облысында жол апатынан бес адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

Атырау облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, бес адам оқиға орнында көз жұмды.

  • 28 Ақпан 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы 24.kz ақпрарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін таңертең Құлсары-Теңіз тас жолында Жылыой ауданы Теңіз вахталық кентінен 25 км қашықтықта екі автокөлік соқтығысты. Ресейлік есепте тұрған Chevrolet Aveo маркалы көлігінде Қазақстанның 4 азаматы болған.

Олардың барлығы апат орнында қаза тапты. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Лада 2131» маркалы екінші көлікте Батыс Қазақстан облысының тұрғындары келе жатқан. Жүргізуші алған жарақаттан оқиға орнында қаза тауып, жолаушы ауруханаға жеткізілді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тағайындалған сараптамалар жүргізілгеннен кейін анықталады.



 

Соңғы жаңалықтар