Атырау облысында жылына 130 тонна балық өндіретін кешен іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.02
  • 551.11
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында жылына 130 тонна балық өндіретін кешен іске қосылды

Атырау облысында жылына 130 тонна балық өндіретін кешен іске қосылды

Кешен 15 млн данаға дейін бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіруге мүмкіндік береді

  • 18 Наурыз
  • 1
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау облысы, Махамбет ауданында «А-Дана» шаруа қожалығы заманауи балық өсіру кешенін пайдалануға берді.

Балық өсіруге бағытталған кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 130 тоннаға дейін тауарлық балық немесе 15 млн данаға дейін бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіруге мүмкіндік береді. Бұл өңірдегі аквакультура саласындағы маңызды нысанның бірі.

Кешен заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әрқайсысының көлемі 30 текше метр болатын 28 бассейн, 400 инкубациялық науа, биофильтрлер, сондай-ақ суды механикалық және озон арқылы тазарту жүйелері орнатылған. Өнімнің сапасы мен сақталуын қамтамасыз ету үшін тоңазытқыш камералар қарастырылған.

Қазіргі уақытта балықты тауарлық салмаққа дейін жеткізуге арналған тоғандардың құрылысы аяқталуға жақын. Аумағы 4000 шаршы метр болатын тұйық су айналымы жүйесінің ғимараты салынды. Бұл барлық технологиялық параметрлерді бақылау арқылы балық өсірудің толық циклін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кешеннің іске қосылуы — отандық өндіріс көлемін арттыруға және бағалы балық түрлерін, соның ішінде бекіре тұқымдастарды сақтау мен көбейтуге үлес қосады.