Атырау облысында зілзала зардаптары жойылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында зілзала зардаптары жойылуда

Атырау облысында зілзала зардаптары жойылуда

Атырау облысында зілзала зардаптары жойылуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2005
  • 855
Фото - Caravan.kz



Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1-қыркүйекте облыстың Мақат ауданы Доссор және Мақат ауылдарында қатты жауған нөсердің соңы желге ұласу салдарынан көптеген тұрғын үйлер су астында қалған.
Министрлік ақпаратына сәйкес, Доссор ауылында 43 үй су астында қалып, 31 үй қирады. Мақат ауылында 23 үйге ақау келіп, 5 үй тұруға жарамсыз болып қалды. Жалпы алғанда Доссор ауылында 285, Мақат ауылында 855 адам баспанасыз қалды. Қазіргі жағдаймен олар туыстарының үйлері мен оқу орындарында орналастырылды.
Алдын-ала мәлімет бойынша, зілзала зардаптары 1,3 млрд. теңгеге бағаланды.
Доссор және Мақат ауылдарында табиғат апатының зардаптарын жою жөніндегі шұғыл штабтар құрылды.
Оқыс оқиғаның зардабын жою жұмыстарына 37 техника мен 116 адам, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің 2 техникасы мен 18 адамы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта