Атырау облысының 260 тұрғыны жыл басынан бері Т3 млн материалдық көмек алған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысының 260 тұрғыны жыл басынан бері Т3 млн материалдық көмек алған

Атырау облысының 260 тұрғыны жыл басынан бері Т3 млн материалдық көмек алған

Жыл басынан бері 260 адам «Забота» («Қамқорлық») қоғамдық қорынан жалпы сомасыТ3 млн материалдық көмек алды, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

  • 10 Маусым 2011
  • 329
Фото - Caravan.kz

«2011 жылдың басынан бері 260 адам қордан 3 млн теңгеден астам соманың көмегін алды», — деп мәлім етті қор төрағасы Сүйеу Сүлейменов жұма күні.

Оның айтуынша, қорда аса мұқтаждарға жататын барлық адамдар туралы мәлімет бар. Бірінші кезекте, мүгедектердің өтініштері қаралады. Биыл демеушілерден түскен қаражатқа 224 мүгедекке, зейнеткерге және толық емес аз қамсыздандырылған отбасыға көмек көрсетілді.

2010 жылы аса мұқтаж 1280 адамға жалпы сомасы Т8,87 млн болатын көмек берілді. Оның ішінде, түскен өтініштер бойынша 444 азаматқа шамамен Т6 млн-ның көмегі көрсетілді. Сондай-ақ, азық-түлік жинақтарын, балаларға сыйлық тапсырумен қайырымдылық акциялары өткізілді, деп хабарлады қор басшысы.

Соңғы жаңалықтар